13 желтоқсан 2016 жылы Еңбекшіқазақ ауданы Жергілікті қауымдастықтар қоры «Ауылдық аймақты дамыту» бағдарламасы аясында «КӨШБАСШЫ-ФЕРМЕР» 2016 байқауын өткізіп, қорытындысын жариялады. Жыл бойы көкөніс өсірумен айналысқан, бағдарламаның жүзеге асуына белсене араласқан шаруалардың еңбегі еленіп, жеңімпаздар сертификат және алғыс хаттармен марапатталды. 8 фермер жеңімпаз атанып, құны 2 000 000 теңге тұратын шаруашылығына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Осылайша фермерлер жаңа технологиямен көкөніс өсіруге мүмкіндік алды.