Бастамашыл топ ҮЕҰ-ға арналған «Ауылдық ҮЕҰ-ның әлеуітін арттыру» жобасы аясында ЖҚҚ базасында тәжірбие алмасты

Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі, Азаматтық қоғам істері комитетінің қаржылай қолдауымен «Еңбекшіқазақ ауданы жергілікті қауымдастықтар қоры» қоғамдық қоры Қызылорда, Түркістан, Тараз облыстарынан келген белсенді және бастамашыл топ, ҮЕҰ-ға арналған «Ауылдық ҮЕҰ-ның әлеуітін арттыру» жобасы аясында тәжірбие алмасуды ұйымдастырды.

22-23 қараша күндері жергілікті қауымдастықты құру үлгісімен танысып, «Еңбекшіқазақ ауданы жергілікті қауымдастықтар қоры» қоғамдық қорының бенфициарларымен кездесіп, олардың жетістік тарихымен танысу мүмкіндігіне ие болды. Әр қатысушы өз ауданының немесе ауылының мәселесін шешу үшін жергілікті қауымдастықты жұмылдырып, қандай әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға болады деген сұрақтың жауабын алды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *