Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Нұрдың молығатын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Пейілдің түзелетін, Көңілдің кеңитін кезеңі — Наурыз мейрамы құтты болсын!

Шелек ауылында өткізілген Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамында Еңбекшіқазақ ауданының Жергілікті қауымдастықтар қоры және «Шелек фермерлері» АӨК-і ақ дастарханын жайып, наурыз көжесін таратты… Еңбекшіқазақ ауданы әкімі Бинәлі Ысқақ мырза бастаған делегация дастарханымыздан дәм татып, фермерлер ұжымын Наурыз мейрамымен құттықтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *