Календарь

Декабрь 2018
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Ноя    
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31  

«Еңбекшіқазақ ауданы жергілікті қауымдастықтар қоры» қоғамдық қоры 2017 жылдың тамыз айында «Шелек фермерлері» АПК құрып, шаруалар дәстүрлі әдіспен көкөніс өсірумен қатар жылыжайда көкөніс өсіруге көшті. Жылыжайда көкөніс өсірудің әдіс-тәсілдерін игеру мақсатында 22 мамырда Шелек ауылында орналасқан, Агробизнес-орталығында, «Жылыжайда минералды және органикалық тыңайтқыштарды қолдану» тақырыбында семинар — тренинг өтті. Бұл семинар-тренингтің ерекшелігі аталған тақырыпта шаруалар тек жаңа білім алып қана қоймай, түстен кейін арнайы семинар өткізуге шақырылған «Агровей-Nunhems» компаниясының мамандары Конысбаев Айдар мен Литвяков Андрей егіс алқабына шығып, шаруаларға кеңес беріп жылыжайдан өскен өнімге қандай күтім керектігін тәжірбие жүзінде көрсетті.

«Мен Ащыбұлақ ауылында дәстүрлі шаруашылықпен ондаған жылдар көкөніс өсірумен айналысып жүрген шаруамын. Биыл бірінші рет жылыжайда қызанақ өсірудемін. Бұл екі әдіспен көкөніс өсірудің арасында айырмашылық өте көп екен. Тәжірбие жүзінде өнімді күту, қай уақытта тыңайтқыш беру қажет және т.б. ақпаратты семинарда оқытып қана қоймай, бүгін жылыжайда тәжірбие жүзінде бәрін көрсетіп, түсіндіріп беруі шаруа үшін өте пайдалы және тиімді деп ойлаймын» — деді Әукенұлы Ерсінбек.

Оставить комментарий

Миссия фонда

Улучшение качества жизни местного сообщества.

Наши партнёры