Календарь

Июнь 2018
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Май    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

«Еңбекшіқазақ ауданы жергілікті қауымдастықтар қоры» қоғамдық қоры «Ауылдық аймақтарды дамыту бағдарламасы» аясында жыл басындағы жоспар бойынша ауданымызда «Шағын шаруашылықтардың ауыл шаруашылық кооперативтеріне бірігуінің артықшылықтары» тақырыбында 4 семинар өткізді. Аталған семинарға Еңбекшіқазақ ауданының Шелек, Қорам, Масақ, Гайрат, Қызылшарық, Ащыбұлақ, Ақши, Қаратұрық, Лавар, Ащысай, Дихан, Тескенсу селолық округтерінен 80 фермер қатысты. Бүгінгі таңда ауданымызда «Шелек Фермерлері» атты ауылшаруашылық өндірістік кооперативі құрылып, мүшелікке 22 фермер өтті.
27 қыркүйек 2017 жылы «Ауылдық территориялардың дамуы үшін ынтымақтастық формуласының үлгісі» атты аймақтық форумына қатысқан «Шелек Фермерлері» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі 2018 жылға «Magnum Cash&Carry» және Арзан «Көтерме клубы» ЖШС – мен жергілікті фермерлердің өнімдерін жеткізу туралы келісім-шарт жасасты.
Сондай-ақ кооперативтің төрағасы Мансуров Мараттың айтуынша:
— Мен жыл сайын бұрыш, қызанақ, қияр – өсіремін. Бұрын дәстүрлі әдіспен көкөніс отырғызсақ, қазіргі таңда түрлі жаңа технологияларды пайдалану арқылы көкөніс өсіреміз. Бұрынғыға қарағанда көкөністен алатын өнім екі есеге өсті десем артық айтпаған болар едім. Жалғыздың үні шықпас демекші, біз сияты ұсақ фермерлердің бірлесіп, еңбек етуі маңызды екенін түсініп, кооператив құрдық. Келесі жылы «Шелек Фермерлері» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі 3 000 шаршы метр жерге бірлесіп, жылыжай салып, онда көшет, қызанақ және қияр сияқты көкөніс түрлерін өсіруге дайындалып жатырмыз.

 

Оставить комментарий

Миссия фонда

Улучшение качества жизни местного сообщества.

Наши партнёры